Жыл сайын жол апатынан 2500-ге жуық қазақстандық қаза табады

27 Мамыр 2023, 08:37 686

Жыл сайын жол апатынан 2500-ге жуық адам қаза табады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл дерек Ішкі істер министрлігі мен Sergek Group компаниясы ұйымдастырған «Жол қауіпсіздігі саласындағы цифрландыру және жаңа технологиялар» форумында белгілі болды.  

Жол қауіпсіздігі мәселелері өте өзекті және жұртшылықтың назарында. Бұл жағдай ел басшылығын алаңдатады. Жыл сайын жолдарда 2,5 мыңға жуық азаматымыз қаза тауып, 19 мыңнан астам адам жарақат алады. Алайда, қазір полицияның жұмысы оның салдарын жоюға ғана бағытталған. Қолданыстағы тәсілдер мен шешімдер енді жеткіліксіз. Көлік жүргізу мәдениетін арттыруда және жолдардағы бұзушылықтарды анықтауда цифрлық технологияларды қолдану өте маңызды, - деді ведомство басшысының орынбасары Игорь Лепеха.

Ішкі істер министрінің қызмет жөніндегі орынбасары Игорь Лепеха жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қазақстандықтардың әл-ауқатының, олардың өмірінің жайлылығы мен қауіпсіздігінің міндетті шарты деп отыр.

Берік Арманов
Бөлісу: