Жыл басынан су саласындағы 7 мыңға жуық жұмысшының еңбекақысы өсті

10 Шілде, 20:38 656

1 қаңтардан еңбекақысы тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының айлығы орта есеппен 25%-ға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін бірқатар мамандардың айлығы 25%-ға ұлғайды.

Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту бағытындағы жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл бір күндік іс-шара емес және су шаруашылығы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды, - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Еске сала кетейік, кеше, 9 шілдеде елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті.

Кәсіби мерекеде су саласының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды.

Зарина Арман
Бөлісу: