Жыл басынан бері қанша қандас келгені белгілі болды

10 Сәуір 2023, 12:27 1530

2023 жылдың басынан бері 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралған.
Жыл басынан бері Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3%-і – Қытайдан, 6,3%-і – Түрікменстаннан, 5,3%-і – Моңғолиядан, 13%-і – Ресейден және 3,7%-і басқа елдерден келді, - делінген хабарламада.
Этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларына қоныстанды.
1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3%-ті және зейнеткерлер 8,6%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-і – жоғары білімді, 39,9%-і – орта кәсіби білімді, 36,7%-і – жалпы орта білімді және 4,8%-і білімі жоқ.
EL.KZ
Бөлісу: