Жыл басынан бері отандық әуе компаниялар 5,5 млн жолаушыны тасымалдаған

12 Шілде, 21:40 699

Отандық әуе компаниялар жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық. Мұндай статистиканы Көлік министрлігі жариялады. , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 

Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады.

Халықаралық әуе қатынасы туралы айтатын болсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге ұшады. Оның ішінде Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар.

Зарина Арман
Бөлісу: