Мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

22 Тамыз 2022, 10:05 1272

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрлігі мәлімдеді

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді.

Бөлісу: