Жыл басынан бері 45 адам суға батып кетті

18 Маусым, 10:54 577

Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осы жылдың басынан 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кеткенін мәлім етті, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, халықты қорғау бойынша қабылданған шаралары өзінің нәтижесін көрсетіп, 2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайған.

Қазіргі таңда су айдындарында министрліктің 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылыстары аяқталады. Бірақ ірі су қоймаларында 15 станция жеткіліксіз, – деді Әрінов.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құтқару бөлімшелерін жабдықтауға қатысты мәселелер барын, қолда бар қайықтардың көбі жарамсыз күйде екенін айтты.

Қазіргі уақытта заманауи катерлер, жүзу құралдарын және дрондарды жоспарлы түрде сатып алудамыз. Суға батып кеткендердің 95%-і тыйым салынған орындарда тіркелетінін ескере келе, әкімдіктермен бірлесіп суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан-жылға ұлғайтудамыз. Бала өлімінің басты себебі – ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы. Осыған байланысты біз балалар лагерьлерінің тәрбиешілерімен және ата-аналарымен нұсқаулықтар өткіземіз, – деді Әрінов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: