Жыл басынан бері 350 мыңнан астам жүргізушіге көмек көрсетілді

7 Тамыз, 22:24 515

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы тәулік бойы автомобиль жолдарының пайдаланушыларына қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында қолдау көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың басынан бері 1403 байланыс орталығының операторлары 350 мыңнан астам жол пайдаланушыларға жауап беріп, жолда орын алған түрлі жағдайлар бойынша көмектесті.

Осылайша, «КАЖСервис» филиалдарының мамандары мен операторлар 107 мыңнан астам жүргізушілерге ақылы жолдарға қатысты және республикалық жолдарды шектеу кезінде 184 мың жүргізушіге қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетті.

Сондай-ақ, 300 жүргізушіге жолға шыққан малдарды айдауға, ал 2 мың жүргізушінің бұзылып қалған көліктерін сүйреуге жәрдемдесті. 50 мыңнан астам пайдаланушылар жолға қатысты түрлі сауалдарына жауап алды.

1403 байланыс орталығының жұмысы автомобиль жолдарының пайдаланушылары үшін аса маңызды қызмет атқаруда. Байланыс орталығы құрылғалы операторлар республикалық автожолдарға қатысты жүргізушілерге тәулік бойы түрлі көмек көрсетіп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қызметтердің артуына ерекше көңіл бөлуде. Солардың бірі барлық жүргізушілер үшін қолжетімді әрі өзекті болу мақсатында 1403 байланыс орталығы мен филиалдардың қызметтерін дамытуда. 

Перизат Саденова
Бөлісу: