«Жұрттың әкесі...»

25 Шілде, 15:08 843

«Жұрттың әкесі». Баласына өз қолымен мотоцикл жасап берген әкенің әрекетіне желі қолданушылары осындай баға берді. Видеоны Марғұлан деген бала мақтанышпен жариялаған болатын.

Видеодан қолда бар құралмен баланың бойына сәйкес етіп құрастырып шыққанын көруге болады. Конструктор азаматтың есімі – Қизат. Тауға шығатын эндуро питбайк үлгісінде жасап шыққан көрінеді. Ең бастысы – қолдан жасаған мотоцикл жай жәдігер сияқты емес, шынында да жүруге жарамды. Жартылай автоматты беріліс қорабы бар 2 дөңгелекті шағын көліктің ең жоғары жылдамдығы – сағатына 100 шақырым. Марғұланның тәптіштеп түсіндіріп отырып салған бейнежазбасы 350 мыңдай қаралым жинап, 18 мыңға жуық адам лайк басқан. Жазылған 500-ден астам пікірдің дені әкесінің шеберлігіне таңданысын жасырмаған. Біреулері «Қазақстанның өзінде де жасайды екен ғой» деп жатса, басқалары «осындай азаматтарды қолдау керек» деген ұсыныс айтты. «Зауыт ашса болады екен ғой» деп тамсанғандар да бар.

EL.KZ
Бөлісу: