Журналистерді қорғау туралы өтініш Президент назарында

25 Қараша 2022, 10:48 1665

Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды»,- деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында.

EL.KZ
Бөлісу: