Журналистер туралы қандай үздік фильм білесіз?

27 Сәуір 2016, 11:08

Кино туындының тақырыбына арқау болған қандай журналистер бар? Журналистер туралы қандай үздік фильмдер білесіз?

Маусым айының соңғы жексенбісінде қазақстандық журналистер төл мерекесін атап өтеді. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистер туралы әлемнің ең үздік фильмдерін топтап, тізбектеуге тырыстық. Талай кинокартиналарға арқау болған әріптестеріміз туралы бірқатар туындылар бар екен. Жанрлары сан алуан. Саяси триллерден бастап жеңіл комедия да бар арасында.

«Суырдың күні» (День сурка) – фильм экранға 1993 жылы шыққан. Басты рөлдерді Билл Мэрри мен Энди Мак сомдайды. Телеарнада қарапайым ауа райын жүргізуші маманның өміріне қандай өзгеріс керек еді? Кейіпкер өмірден өзін іздейді. Бақыт – өмірге деген сүйіспеншілік екенін жеткізген туынды.

«Римдегі демалыс» (Римские каникулы) – кинокартина 1953 жылы шыққан. Грегори Пек есімді америкалық журналист Италия астанасында сүйіктісін кездестіріп, ертеңінде оның ханшайым екенін біледі.

 

«Қайырлы түн және сәттілік» (Доброй ночи и удачи) – 2005 жылы көрерменге жол тартқан Джордж Клунидің туындысы. Оқиға желісі танымал тележүргізушінің америкалық саяси жүйеге қарсылығы туралы өрбиді.

 

«Оның ханшайымы жұма» (Его девушка Пятница) – фильмі 1940 жылы шыққан. Кэри Грант пен Розалин Расселдің еңбегі. Өзінің күйеуі бас редактор болып істейтін басылымның танымал репортері қызметтен кететінін жариялайды. Сүйіктісін оп-оңай жібергісі келмеген бастығы оның карьерасын шыңға көтеруге ықпал еткен тапсырма береді.

 

«Репортер – мамандық» (Профессия – репортер) – 1975 жылы көрермен назарына ұсынылған Микеланджело Антонионың туындысы. Басты рөлде Джек Николсон ойнайды. Африкаға репортаж жасауға келген журналист шытырман оқиғаға тап болып, көп уақытқа қалып қояды.

 

«Жалған» (Плутовство) – 1997 жылы түсірілген Барри Левинсонның кинокартинасы. Басты рөлдерде Роберт де Ниро мен Дастин Хоффман ойнайды. Киноның басты кейіпкерлері журналистер емес, пиар саласының мамандары. Алайда, туындыда БАҚ саласының бет-бейнесі толықтай ашылады.

 

«Тележелі» (Телесеть) – 1976 жылғы туынды. Тележүргізушінің тікелей эфирде жүйкесі сыр береді. Бұл оқиға керісінше бағдарламаның рейтингісін айтарлықтай көтеруге ықпал етеді.  

 

«Сенсация» (Scoop) – Вуди Алленнің 2006 жарық көрген туындысы. Джо Стромбел есімді британдық журналист қаза болады.

 

«Ларри Флинтқа қарсы халық» (Народ против Ларри Флинта) – 1996 жылы жарыққа шыққан кинокартинада оқиға желісі америкалықтар «Hustler» порножурналын қалай ойлап тауып, сата бастағаны туралы өрбиді.

 

«Патшалыққа берілген адам» (Вся королевская рать) – 2006 жылы шыққан фильм. Авторлары Шон Пен, Джуд Лоу, Энтони Хопкинс. Старк атты журналист биліктегі жемқорлық мәселесімен күресемін деп жүріп, күндердің күнінде өзі де жемқорлар қатарына қалай қосылып кеткенін сезбей қалады.

 

«Журналист»  1967 жылы түсірілген фильм. Кеңестік заманның классикалық туындысы.

 

«Верониканы қолға түсіру» (Охота на Веронику) – 2003 жылы шыққан туынды. Трагедиялық туындыда 90-жылдары Ирландияда католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыста шынайы ақпарат пен құнды деректерге қол жеткізіп, есірткі саудасымен күрес жолында қаза болған журналист туралы фильм.

 

«Сенімді адам» (Свой человек) – 1999 жылғы фильм. Танымал телешоудың продюсері жұмыстан қуылған вице-президентті өтірік ақпаратқа негізделген сұхбат беруге көндіреді.

 

«Джон Доумен таныс болыңыздар» (Знакомьтесь с Джоном Доу) – 1941 жылғы кинокартина. Өжет журналист қызметтен қуылғанын біліп, газет бетіне Джон Доу атты жалған есіммен қоғамдық саясатты сынаған хат жариялайды.  

 

«Ерлерден 10 күнге қалай құтылуға болады» (Как избавиться от парня за 10 дней) 2003 жылғы кинокартина. Махаббат мәселесінде ерлердің ашуын келтіретін қандай мәселе екенін анықтау туралы тапсырма алған журналист жарнама агентімен танысып, ғашық болып қалады.

 

«Синдиден сұраңыздар» (Спросите Синди) – 2001 жылы түсірілген кино. Жұмысынан айырылып қалған басты кейіпкер Чарли Шин шарасыздықтан газеттегі әйелдер колонкасын жүргізе бастайды. Алайда, оның арқасында аталмыш газет қаладағы ең беделді басылымға айналады.

 

«Сайлау күні» (День выборов) – 2007 жылы шыққан фильм. Жұмбақ әрі белгісіз кандидат туралы қызықты фильм.

«Радио күні» (День радио) – 2003 жылы түсірілген кино. Мәскеудегі танымал радиостанцияның бір күні туралы фильм.

 

«Қозғалыста» (В движении) – Александра Гурьев есімді журналист кезекті репортаждан кейін өз өмірін құтақарады. Басты рөлде актер Константин Хабенский ойнайды. 

 

«Папарациялар» – италиялық комедия. Басты рөлде Адриано Челентано ойнайды.

 

«Лас-Вегастағы қорқыныш пен өшпенділік» (Страх и ненависть в Лас-Вегасе) - спорт журналисті туралы кинокартина. Басты рөлді Джонни Депп ойнаған.

 

«Фотоәуесқойлық» (Фотоувеличение) – 1966 жылғы кино. Микеланджело Антонион түсірген. Оқиға желісі қалалық саябақта көп суреттер түсірген фотограф түсініксіз қылмыстық оқиғаға тап болады.

 

«Тәтті өмір» (Сладкая жизнь) – фильмнің режиссері Федерико Феллини. Туынды 1959 жылы шықты. Марчелло есімді журналист туралы фильм.

 

«Президентке берілген адам» (Вся президентская рать) – 1976 жылы шыққан фильмнің режиссері Дастин Хоффман мен Роберт Рэдфорд. Зерттеу жүргізген екі журналистің қайсысы Никсонның қызметтен кетуіне ықпал етті.

 

«Питер FM» – комедиялық  мелодрама. 2006 жылы шыққан. Оқиға желісі үлкен қалада қалай байланыс үзіп алуға болатыны жайлы өріледі.

 

«Құдіретті Брюс» (Брюс Всемогущий) – комедиялық және қиял-ғажайып драма. 2003 жылы шыққан. Оның репортаждары бәріне қызық болғанымен, өзіне ұнамайды. Брюстің арманы тележүргізуші болу. Алайда ол сәтсіздікке ұшырап, көтерілмек түгіл бар жұмысынан айырылып қалады. Ол мұны Құдайдан көріп, оған ашуланады, сөйтіп жүргенде ол ерекше жауап алады.

«Фрост Никсонға қарсы» (Фрост против Никсона) - 2008 жылы шыққан АҚШ фильмі. Жанры драма. Уотергейт оқиғасынан кейін отставкадағы АҚШ-тың экс-президенті Ричард Никсон британдық тележүргізуші Дэвид Фростқа эксклюзивті сұхбат береді. Саясаткердің бұл қадамы америкалық тележурналистиканың алтын қорына енген оқиғаға айналады.

«Жаңалықтар қызметі» (Служба новостей) – ойдан құрастырылған танымал кабельдік телеарнадағы жаңалықтар бөлімінің жұмысы жайлы америкалық драмалық телесериал. 

Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қолына қалам ұстаған әріптестер туралы фильмдерді қарай жүріңіздер. Ал, қазақстандық режиссерлер де болашақта отандық журналистер туралы туынды – қазақ киносын түсіреді деген үміт басым. Жоғарыдағы тізімдердің арасында отандық кинокартиналар тұратын уақыт алыс емес деп ойлаймыз.  


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

 

Бөлісу: