Жүргізуші куәлігі мен жеке куәліктің мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеу керек?

10 Мамыр 2023, 18:00 3609

Қазақстандықтар көп жағдайда жеке басын куәландыратын құжат пен жүргізуші куәлігін ауыстыруда уақытын өткізіп алып жатады. Құжаттарды ауыстыру уақытын өткізіп алғандар заң аясында жауапкершілікке тартылатыны анық. Жүргізуші куәлігі мен жеке куәліктің мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеу қажет екенін және ол үшін азаматтардың қалай жазаланатынын біле жүріңіз.

Жүргізуші куәлігін жоғалтып немесе мерзімін өткізіп алған  жағдайда

Алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім беруі тиіс. Одан кейін мемлекеттік бажды төлейді. Салық Кодексінің 615-бабы бойынша жүргiзушi куәлiгiн беру үшiн 1,25 айлық есептік көрсеткіш алынады. Оның құны 2023 жылы өзгерді, яғни 4 312,5 теңгеге дейін жетті. Былтыр ол 3 828 теңге болған еді. 

Жүргізуші құжатының мерзімін өткізіп алған жағдайда ЖЖҚ емтиханын тапсыруы керек. 

Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығының 77, 80, 89, 104 тармақтарына сәйкес жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған болса, ауыстыру үшін мынадай құжаттар қажет:

- жеке куәлік;
- бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
- медициналық анықтама 073/У;
- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. 

Ал жоғалған жүргізуші куәлігінің орнына арнайы белгісі бар жаңа жүргізуші куәлігі ЖЖҚ емтихандарын тапсырмастан беріледі.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін өтінімді электрондық үкімет веб-порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады.

Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігімен көлік айдаса не болады?

Жүргізушіні МАИ қызметкерлері тоқтатып, мерзімі өтіп кеткен құжатымен көлікті басқарып жүргенін анықтаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады. Азаматқа көлігін айыппұл тұрағына қою міндеттеледі.

Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Оның құны – 63 600 теңге. Ал егер бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде екінші рет қайталанатын болса, онда сол азаматқа 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ол – 95 400 теңгені құрайды.

Жеке куәліктің мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеу керек?

Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәліктің жарамдылық мерзімі жақындаған кезде тұрғылықты жеріне қарамастан жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Онда ескі құжатын көрсетіп, 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 612,6 теңге  мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет. Жаңа құжат 15 күн ішінде дайын болады. Азаматтарға ақылы жедел қызмет түрін де пайдалануға болады.

Ал бірінші рет жеке куәлікті рәсімдейтіндер үшін:

Жеке куәлікті жоғалтып алғанда қайда жүгінуге болады?

Жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтып алған жағдайда ең алдымен халыққа қызмет көрсетуге орталығына бару керек.

Оған мынадай құжаттарды тапсыру қажет болады:

Мерзімі өтіп кеткен жеке куәлікпен жүргенгендерге қандай жаза қолданылады?

ҚР азаматының жеке куәлігінің мерзімі уақытынан 10 күн аспаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталығының маманы куәлікке өтініш бере алады. Ал 10 күн асқан жағдайда көші-қон полиция бөліміне жіберіледі. Ол жерде 1 айдан аспаған  жағдайда ескерту хаттамасы толтырылады. Егер 1 ай асқан жағдайда 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: