«Жүректен жүрекке» акциясы аясында 800 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді

30 Сәуір, 21:20 1038

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында 800 миллион теңгеге 1500 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қоғамдық штаб өкілі, Ұлттық құрылтай мүшесі Әскер Пириев мәлімдеді. 

Бұл акция дер кезінде жүректен-жүрекке орын тауып, жалғасып жатыр. Су тасқыны болған 6-7 өңірдің бәрінде қоғамдық штаб құрылды. Бірінші күннен жұмысын атқарып, жергілікті халық пен билік арасындағы үйлестіру жұмыстарын атқарды. Басқа да өңірлерден жиналған гуманитарлық көмекті жеткізіп, халыққа тарату жұмыстарын жасап отыр. Жастардан 12 мың ерікті осы жұмыстарды істеді. Жалпы 1500 тонна гуманитарлық көмекті 81 көлікпен жеткізіп, 800 миллион теңге құраған көмек жеткізілді, - деді қоғамдық штаб өкілі Әскер Пириев. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: