Жүрек ауырса не істеу керек? Үй жағдайында көмекке келетін 5 амал

27 Қараша 2023, 12:33 20066

Соңғы жылдары жүрек ауруына шалдыққандар қатары көбейіп барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистика мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 18 миллионға жуық адам жүрек ауруынан қайтыс болады екен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төменде біз келтіретін мысал, псевдожүрек ауруына арналған екенін ұмытпаңыз.

Қандай жағдайда жедел жәрдем шақырған жөн?

Сіз егер 5–10 минут және одан көп уақыт қатты, жаныңызға бататын ауырсыну сезінсеңіз;

- кеудеңіздегі ауырсыну дем алуыңызға кедергі келтіріп жатса;

- ауырсыну сол жақ иығыңыз бен қолыңызға берілсе;

- ауырғаннан суық тер шықса, басыңыз айналса, әлсіздік пайда болса;

- оның жүрек талмасы екеніне сенімді болсаңыз, бірден жедел жәрдемге хабарласыңыз. Ол инфарктке, миокардит немесе перикардитке алып келуі мүмкін.

Жүрек ауруы қауіпті емес екенін қалай түсінуге болады?

Көп жағдайда кей ағзалардың ауруы жүрек жақтан проблема туындап жатқандай сездіруі мүмкін.

- гастроэнтерологиялық проблемалар;

- өкпе жұмысының бұзылысы;

- әртүрлі сүйек-бұлшықет бұзылысы;

- невроз бен орталық жүйке жүйесінің аурулары.

Бұл мәселелерді төмендегі үш нұсқадан байқауға болады:

1.Ауру тез өтеді

Егер жүрек ауырса, бірнеше минут бойы сізді мазалауы мүмкін, ал дискомфорт тез өте шығатын жағдайда физикалық жарақат не невралгияның белгісі деп біліңіз.

2.Қимыл-қозғалыста жеңілдікті байқайсыз

Жүрек ауырғанда жай ғана физикалық жүктеменің өзі салмақ салуы мүмкін.

3.Сізге демалу кәдімгідей қиындық тудырады

Жүрек ауруы кезінде ауа жетіспей жатқандай көрінуі мүмкін. Ал егер жөтел мен тыныс алғандағы ауырсыну тыныс аулу жүйеңіздегі жарақаттың белгісі. Мысалы, плеврит, астма, өкпе қабынуы.

Жүрек ауруы қауіпсіз болып көрінгенде не істеу керек?

Сол жақ кеудеңіздегі ауырсынудың себебін дәрігерлер ғана анықтай алады. Егер өміріңізге қауіп төндіретін  белгілер сізді жиі мазалап, құсу, жөтел, қысымның көтерілуі сияқты белгілермен берілсе терапевт пен кардиологқа міндетті түрде көрінгеніңіз абзал.

Жүрек тұсының ауырсынуын қалай жеңілдетеміз?

Жүректің проблемасын тек арнайы маманның кеңесімен ғана емдеу керегін тағы да есіңізге саламыз. Ал псевдожүрек сырқатын үй жағдайында емдеуге әбден болады. Төмендегі тәсілдер кеуде тұсындағы жайсыздықтыы басуға көмектеседі:

1. Нитроглицерин қабылдаңыз

Бұл кеңес жүрек талмасынан қауіптенген, дәрігер осы перпаратты жазып берген адамдарға арналады.

Нитроглицерин стенокардия кезінде көмектеседі. Стенокардия (жүректің демікпелі ұстама ауру) — кеуде клеткасының ортасында (кеуденің ішкі жағында) немесе жүрек тұсында болатын қатты ұстама ауру. Ал егер ауру басқа себептермен байланысты болса, препараттың ешқандай көмегі тимейді. Бұл ауырсынуды баса алмағаны үшін жаман болуы мүмкін болғанмен, жүрек қан тамыр жүйесіндегі пробламаның жоқтығын көрсетеді.

2. Аспирин ішіңіз

Біріншіден, ауруды басады, екіншіден қанды сұйылтады. Бұл қан айналымды жақсартуға керемет көмек. Егер дәрігер бұған дейін аспиринді жазып бермеген болса, ішіп жүрмеңіз, себебі, сізде оған аллергия болуы мүмкін.

3. Салқын компресс жасаңыз

Кеудеңізге мұздатқыштағы жемістерді немесе қатып тұрған етті сүлгіге орап қойыңыз. Көп жағдайда ауыр көтергеннен немесе оқыс қимылдан бұлшықетке зақым келіп жатады. Салқын компресс осы жағдайда таптырмас ем. Бір күнде 3—5 минуттан бірнеше рет компресс жасасаңыз жағдайыңыз жеңілдеуі әбден мүмкін.

4. Жылы шай ішіңіз

Немесе басқа да жылы сусын қабылдаңыз (тек шөп шайы болмауы керек). Бұл жағдай жайсыз тамақтанған кезде кеудеде туындайтын ауырсынуға арналған.

5. Жылы ас содасы қосылған су ішіңіз

½ шай қасығындай ас содасын жылы суға араластырып ішіп көріңіз. Бұл сусын асқазан қышқылы көбейгенде, қыжылда көмегі зор. Дегенмен, ас содасы басқа айла-тәсіл қалмаған кезде пайдаланыңыз, әйтпесе жүрек бұзылысы бар адамдарға зиян. Себебі, ас содасы қышқылмен реакцияға түсіп, жүрекке залалын тигізеді.

Жүрек - маңызды орган. Сондықтан, ауырсынуын жиі байқасаңыз міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгінуді ұмытпаңыз.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: