«Жүрегіме тамыр салды»: Сәбит Әбдіхалықов жер сілкінісінен кейін ауруханадан шықты

5 Наурыз, 17:32 1136

Белгілі продюсер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне ота жасатып, ауруханадан шыққаннан кейін алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан екі апта бұрын жүрегіме ота жасаған. Қалалық кардиологиялық орталықта емделіп жатқанмын. Көзім ілініп кетіпті. Гүрілдеген дауыс шықты. Палата шайқалып кетті. Түсім бе, кеменің ішінде кетіп бара жатырмын ба деп ойладым. Содан есімді жинап, киімдерімді алып, ауруханадан шығып кеттім, - дейді әнші.

Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне 5 стенд қойдырғанын да атап өтті.

2016 жылы инфаркт алғам, содан кейін жүрек дұрыс болмай қалды. Осы жолы жасатқан отада жүрегіме жаңа тамыр салып қойды. Негізі 2 апта ғана болды. Сіздер шақырған соң келіп отырмын, елден ұят екен, кеше ғана ауырып жатқан еді дейтін шығар. Аллаға шүкір, жақсымын. Қазақстанда мақтанып айтатын нәрсе, кардиология мен кардиохирургтар мықты. Бес рет стенд қойдырдым, ақырында сойдырдым. Дәрігерлерге рақмет! Қолдарынан келгеннің бәрін істеп жатыр. Амандығымды тілеп жатқан халыққа рақмет, - деді Сәбит Әбдіхалықов  “Хабарlike” бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, танымал актер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне операция жасатып, ауруханада жатқан сәтін көрсеткен еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: