Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады

Бүгiн, 10:13 157

Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЕХӘҚМ мәліметінше, бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.

Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі, - делінген мәліметте.

Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.

Ваучер алу үшін азаматтың ресми «Жұмыссыз» мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.

Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: