Жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының саны 8,7%-ға өсті

18 Қаңтар 2023, 18:44 951

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарының тіркелген субъектілерінің саны 248 602 бірлікті құрады, оның ішінде 240 720 – жұмыс істеп тұрғандар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2021 жылмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған қожалықтардың саны 8,7%-ға өскен.

Шаруа немесе фермер қожалықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 74 355 бірлік. Одан кейін Алматы (27 961) және Жамбыл (23 780) облыстары.

Шағын және орта бизнес құрылымындағы жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының үлесі 13,2 пайызды құрады.

EL.KZ
Бөлісу: