Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді

4 Желтоқсан 2022, 12:59 1284

Биылғы азық-түлік инфляциясына қант және жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасының күрт өсуі әсер етті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңес 2022 жылдың желтоқсанында және 2023 жылдың көктемінде бағаны күрт өсуіне жол бермеу аясында қабылданып жатқан жедел және жүйелі шаралардың барлық спектрін қарастырды. Жедел шараларда делдалдарды анықтау және баға тізбегін талдау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысына үлкен рөл беріледі. Бірақ бүгінде комиссиялардың жұмысы әлі де  нәтиже бермеді.

Негізгі азық-түлік өнімдерін сатудың делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жүйесіз жүргізілуде, қараша айында барлығы 25 отырыс өткізілді, - деп хабарлады Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Осербай тұрақтандыру қорлары жұмысының үш кезеңнен тұратын жаңа тәсілдерді ұсынды. Статистикаға сәйкес, биылғы азық-түлік инфляциясына қант (2022 жылдың 11 айында 71,9%) және жеміс-көкөніс өнімдерінің (2022 жылдың мамыр-шілде айлары) бағасының күрт өсуі әсер етті. Жаңа тәсілдер, соның ішінде маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының күрт өсуін болдырмауға және келесі маусымға дайындық кезінде негізгі азық-түлік өндірушілеріне қолжетімді қаржыландыруды бөлуге бағытталған.

Бірінші кезең - жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алу (25 қарашадан бастап), 2023 жылғы күзгі егінді қаржыландыру (2023 жылғы 1 ақпанға дейін), ал кейіннен жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін – келесі жылғы күзгі егінді қаржыландыру.

Екінші кезең – қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майын өңдеушілер арқылы шикізатты форвардтық сатып алу (2023 жылғы 1 наурыздан бастап), қант өндірушілерге айналым қаражатын бөлу (ағымдағы жылғы қазаннан бастап қолданыста).

Үшінші кезең - ұн, сиыр еті, құс еті, макарон, нан, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа (2023 жылдың 1 маусымынан бастап механизмдер пысықталуда). Барлық үш кезеңде өндірушілер тарапынан қарсы міндеттемелер өндірілетін өнімге бағаны белгілеу болады.

Демалыс күнгі жәрмеңкелерді қайта жандандыру, адамдарға қажетсіз үстемеақыларсыз және делдалдарсыз қажетті тауарларды сатып алу үшін жағдай жасау қажет, - деп түйіндеді кеңес қорытындысын Серік Жұманғарин.

EL.KZ
Бөлісу: