«Жұлдызға жалт қарадым». Гүлзира Айдарбекова 16 жыл бұрынғы оқиғаны айтып берді

10 Қаңтар, 14:30 15081

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тұңғыш немересі, Қайрат Нұртастың қызын туған күнімен құттықтап, естелігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Продюсердің айтуынша, 16 жыл бұрын тұңғыш немересі дүниеге келгенде перзентханаға барып, бірінші болып өзі көрген.

Сол күнгі қуанышымызда шек болған жоқ, атасы мені құшақтап аспанға жас балаша секіріп, ұйықтап жатқан Қайратқа жүгіріп барып, қуаныштан айқайлап оятқанда, Қайрат ұйқылы ояу шошып тұрды. Екеуіміз киіне сала перзентханаға зуылдап жетіп бардық. Жеткен күйде үстімізге халатты іле сала жылдамдықты күшейтіп, туфлиімнің дыбысы бүкіл бөлмеге естілетіндей күйде келемін.түрім суық. Жұлдызға жалт қарадым, амандаспастан бөпемізге жетіп бардым да, жылдам жаялықтарын ашып жатқанымды көріп,медбикелер де келінім де аң-таң. Сондағы бар ойым 12 мүшесі сау ма, түрі кімге ұқсайды. Бәрі дұрыс, тек мен күткен қыз аппақ, көзі танадай Жұлдызға ұқсаған қыз болуы керек еді, көзі сығырайған қап-қара қыз жатыр. Сасқанымнан Жұлдызға қарап, неге саған ұқсамаған деп жалт қараппын. Содан кейін барып келінімді сүйіп құттықтап, бәріне сүйінші таратып, немеремді иіскеп мәре-сәре болдық, – деп еске алады 

Гүлзира Айдарбекова немересін асыға күтіп, атын өзі қойғанын да тілге тиек етті.

Менің негізі өтірік күлуім қиын, бүкіл эмоциямды көрсетіп қоямын. Босанды дегенді есітіп қуаныштың көз жасы онда бар, қатты қуанғаныммен, жол бойы уайымдап қорқып барғанмын ғой, соны жасыра алмағанымды әлі күнге дейін еске алып күліп отырамыз. Қыз армандаған анамын, содан ойыншық көрсем де, киім көрсемде өтіп кетпей үйге таси беретінді шығардым. Мына видеоның ішінде титтей бөпе Сезімнің басындағы паригі, өзімен бірдей қуыршақты Қытайдан арқаланып, алып келгенбіз атасы екеуіміз, сол қуыршақтың паригі. Менің өмірімдегі ең қуанышты, жүрегімде ерекше сезім орнатқан қызыма сол себепті ойлана-ойлана Сезім деп есімін өзім қойдым. Сезімім, сезімтал қыз болып өсіп келеді. Алла бақ берсін!, – деп жазды продюсер. 

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды Алматыда қарсы алғанын айтып, ұлдары мен келіндері туралы жазған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: