«Жұлдыздың өзінен сұраңыздар». Қайрат Нұртастың әкесі тұңғыш келінінің тойға неге келмегеніне жауап берді

21 Қараша 2023, 12:00 4158

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кенже ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той берген еді. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына қонаққа келген Нұртас Айдарбеков тойдың қалай өткені туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Одан бөлек көпшілік арасында қызу талқыланған сұрақтар жауап берді. Соның бірі оның үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың тойға неге келмегеніне қатысты болды.

Оқи отырыңыз:

Жұлдызды әулеттің отағасы бұл сұрақты келінінің өзіне қойған дұрыс деп қысқа қайырды.

Бұл сұрақ орынсыздау. Біздің Жұлдыз да, Қайрат та, 35-ке келді. Кәмелетке толған адамдар ғой. Сондықтан бұл сұрақты өздеріне қою керек. Ал менен немерелерімді, жан жарымды сұраңыздар, соларға қатысты жауап беремін, - деді Нұртас Айдарбеков.

Бұған дейін ол кенже ұлының қайын жұртына қанша қалың мал бергені туралы сауалға жауап берген болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: