Жұлдыз жорамал: 2024 жылы кімнің махаббатта жолы болады

25 Желтоқсан 2023, 17:10 9978

2024 жыл бойдақтардың өмірінде өзгеріс болуы ғажап емес. Кім үшін отбасын құруға сәтті жыл болады? Кімнің махаббатта жолы болады?

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Тоқты белгісінде туғандар үшін 2024 жыл махаббат пен қарым-қатынаста сәтті жыл болады. Бойдақ болсаңыз, үйленуге қолайлы кезең. Ол үшін мынадай кеңестерді ескеріңіз: сүйікті адамыңызға сезім білдіріңіз. Серігіңіздің жылы жауабы өміріңіздегі жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктердің бастамасы болады. Тәтті сезімдер сізге жаңа эйфория мен идеялар сыйлайды. Сондай-ақ биыл махаббатта ғана емес достықта да айыңыз оңынан туады. Жаңа таныстықтардан қорықпаңыз!

Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)

Торпақтар – кез келген істі жауапкершілікпен орындап, нәтижеге қол жеткізе алатын жұлдызнама иелері. Дегенмен торпақтар үшін махаббат тақырыбы көп тер төгуді талап етеді. Отбасылы торпақтардың жары мен балалары қолдау білдіріп, биік белестерді бағындыруына үлестерін қосады. Ал бойдақ торпақтар үшін сезім мәселесінде әртүрлі кедергілер болуы мүмкін. Десек те кедергілерден сәтті өтіп, жыл соңында сүйіктісіне қол жеткізуі мүмкін. Тынымсыз еңбегіңіздің нәтижесі көп күттірмейді.

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

Егіздер үшін 2024 жыл махаббат жылы емес. Ең бастысы келеңсіз жайттарға бой алдырмай, позитивті көңіл-күйді сақтау. Кейбір сынақтардың жағымсыз тұстары арасынан жылт еткен жақсылықты көре алсаңыз, жыл ортасына қарай жемісін көре бастайсыз. Егіздер жалғыз қалмайды. Тек күйзелістен қорықпай, оны оңай жеңуге болатынын ескерсе болғаны.

Шаян (22 маусым – 23 шілде)

2024 жылы шаян белгісіндегі бойдақтар өзінің өмірлік серігін саяхатта жолықтыруы мүмкін. Шетелдерге саяхат өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді сезіндіреді. Осы жұлдызнама белгісіндегілерді жеке өмірінде де, мансабында жаңа жеңістер күтіп тұр. Дегенмен астрологтар шаяндарға бірнеше кеңес береді: алаяқтардан сақ болыңыз. Сырыңызды шашпауға тырысыңыз.

Арыстан (24 шілде – 23 тамыз)

2024 жылы арыстандар үшін қызметте өрлеу жылы болады. Олар кез келген мақсат пен межеге жетуге қабілетті. Қаншалықты көп күш-жігер жұмсасаңыз, соншалықты көп жетістікке жетесіз. Айналасындағы адамдар үшін арыстандардың кәсіби шеберлігі құрмет пен таңданушылық сезім тудырады. Бар назарыңызды жеке өміріңізге бұрыңыз. Өйткені дәл осы жұлдызнама белгісіндегілер қызметтік өсу мен ортадағы беделін бірінші орынға қойып, жеке өмірін ұмыт қалдырып жатады.

Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек)

Бикештер үшін жыл мақсатқа жету үшін қолайлы болмақ. Олар бүгін махаббатқа емес, қаржылық жағдайына көбірек мән бергені дұрыс. Бикештер үшін қызметтік өсу жылы болады. Осы жылы қызметтік баспалдақпен өсуге қатысты ұсыныс болса, өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Олардың барлық мақсаттары орындалады. Тек кездесулер мен талқылаулар кезінде белсендірек болыңыз. Ынталандырулар мен сыйлықтардан құр қалмайсыз.

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)

Таразылар үшін 2024 жыл ушыққан қарым-қатынасты реттеуге берілген мүмкіндік. Ескі мәселелерді шешіп, нүктесін қоюға қолайлы жыл болмақ. Жеке өмір мен қарым-қатынасты ушықтырмай, сабырға жүгінгеніңіз жөн болады. Жақын адамыңызбен тұрақты қарым-қатынасыңыздың қадірін біліңіз. Жаңа дүниеге ресурсыңыз бен уақытыңызды бөліп, тосын шешімдер қабылдамас бұрын ойланып, таразылап алу артық етпейді.

Сарышаян (24 қазан – 22 қараша)

Сарышаяндардың өмірінде жақсы жаңалықтар жиі болады. Бірақ жеке өмірі мен қарым-қатынаста емес. Биылғы жылы осы жұлдызнама иелері өздерін шығармашылық қырларынан таныта алады. Шығармашылық көзқарас жаңашылдықтар туғызады. Дегенмен сарышаяндар үшін мақтанға бой алдырмай, тағдырдың берген сыйын ризашылықпен қабылдап, шүкір етуге назар аударғаны жөн.

Мерген (23 қараша – 21 желтоқсан)

Махаббат пен отбасылық өмірде тағдыр сыйы күтіп тұрған жұлдызнама иесінің бірі – мерген. Сүйген жарыңызбен қарым-қатынасыңызды бағалаңыз. Биыл мергендерге жеке бақытына көңіл бөлу керек.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Тауешкілер үшін қаржы мен мансап жылы болады. Осы жылы кәсіпке ақша салуға болады. Астрологтар тауешкілерге мынадай кеңестер береді: болашаққа ақша жинауды ұмытпаңыз. Қосымша табыс көздерін табыңыз. Дегенмен жолы болғыштыққа бой үйретіп алмаңыз, өйткені бір адамның үнемі жолы бола беруі мүмкін емес.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)

2024 жылы нағыз бақыт күтіп тұрған жандар деп суқұйғыштарды айтуға болады. Жеке өміріңізде бақыт пен махаббатқа толы жыл болады. Мансап пен шығармашылықта да қанжығаңыз майланады. Шығармашылық қабілетіңізді табыс көзіне айналдыруға болады. Өміріңізге енетін жақсы жаңалықтарды құшақ жая қарсы алыңыз.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

Балықтар үшін достарымен қарым-қатынасты нығайтатын жыл. Айналаңыздағы адамдарға жылулығыңыз бен махаббатыңызды аямаңыз! Әрбір іс-әрекетіңізге есеп беруді ұмытпаңыз!

 

 

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: