Жүкті әйел биіктен секіріп кетті: көршісі оқиғаның мән-жайын айтты

1 Наурыз, 17:30 3517

Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үйінен секіріп қайтыс болған жүкті әйелдің көршісі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің сөзіне қарағанда, бұл алғашқы суицд жағдайы емес. Соңғы бірнеше жылда кем дегенде төрт адам осы үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Полиция қызметкерлері осы жерден күртеше мен сөмкені тапты. Бастапқыда көршілердің біреуі қалдырып кеткен шығар деп ойлағанмын. Көршілер жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деген ой келді. Бұл жерде әрі-бері жүре беретіндер көп: ішкіштер де, есірткі пайдаланатындар да. Осы жайтқа байланысты мемлекеттік органдарға талай рет шағымданғанбыз, - деді әйел.

Оның айтуынша, тәртіптің қадағаланбайтыны соншалық, тұрғындар балаларын көшеге жалғыз жіберуге қорқады екен.

Айта кетейік, Алматыда 22 жастағы жүкті әйел 18-қабаттан секіріп кетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: