Жүк көлігінен түйе секіріп кетті: Бейнеулік көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

Бүгiн, 11:45 166

Әлеуметтік желіде жүк көлігінен түйенің секіріп кеткені кеңінен таралған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Жаңаөзен қаласында болған.

Бұл көріністі артынан ілесіп келе жатырған автокөліктің жолаушысы ұялы телефонға түсіріп алған. Әлеуметтік желіде бір күн бойы қызу талқыға түскен. Жануардың жағдайына алаңдаған желі қолданушылары бейқам жүргізушінің әрекетіне шүйлікті. 

Бұл оқиға полиция инспекторларының назарынан тыс қалмады. 

Жаңаөзендегі Асау барақ көшесінің бойында болған жағдайға қатысты Бейнеуден келген жүргізушіге хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа жабылды, деп мәлімдеді Жаңаөзен қалалық полициясы.

Перизат Саденова
Бөлісу: