Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Премьер-Министр лауазымына кім лайықты екені жөніндегі пікірімен бөлісті. Бұл туралы Парламент кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Үкіметтің істеген жұмыстарын көрдік, біздің көңіліміз толмайды. Біз бұны ашық айттық. Дегенмен бұл лауазымда кімді көретінімді айта алмаймын. Қазақстанда 20 млн адам тұрады. Олардың ішінен бұл лауазымға лайықты адам табылады», - деді депутат.
Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Нұрлан Әуесбаев Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың қайта сайлануына қарсы екенін жеткізген болатын.