Жозе Моуриньюның әр кезде айтқандары

18 Наурыз 2014, 11:19

Әлемдегі ең үздік әрі шешен сөйлейтін футбол жаттықтырушысы Жозе Моуриньюның әр кезде айтқан сөздерін келтіріп отырмыз.

Әлемдегі ең үздік әрі шешен сөйлейтін футбол жаттықтырушысы Жозе Моуриньюның әр кезде айтқан сөздерін келтіріп отырмыз. Сөзі ісіне сай келетін білікті маманнның айтқандары бүгінде ауыздан ауызға тарап үлгерді. 

Маған мінезі жібектей, адамгершілігі мол ойыншы керек емес. Мұндай қасиеттерді өз балаларымның бойынан көрсем жетеді. Маған допты қақпада тулататын ойыншы керек.

Команданың жеңісінен кейін бөркін аспанға атып қуанатындар бар. Ал, менің оған уақытым жоқ.

Менің командама кел, ешқашан «екінші» болмайсың!

Мені сөз етіп, өздерін танымал қылғысы келетіндер бар, олар маған ақша төлеуі тиіс.

Егер сіз айналаңыздағыларға ұнасаңыз – жақсы болғаныңыз, ал сізді жек көрсе – үздіксіз!

Тыңдаңыздар, мен бар болғаны жаттықтырушымын. Ешқандай Гарри Поттер немесе Мерлин емеспін. Сиқыр деген шындыққа жанаспайтын дүние, ал футбол ондай емес!

Мен үшін өмірдің мәні – махаббат! Өз отбасыңды сүй, жұмысыңды сүй, бір жұмыстың басындағы мүдделес адамдарды сүй! Егер әйеліңді сүймесең – ажырас, балаларыңды сүймесең – онда адам қатарынан емессің, ал жұмысыңды сүймесең – тезірек ауыстырғаның жөн!

Футбол деген атом бомбасы сияқты. Ол жерде жеңімпаз болмайды, тек тірі қалғандар!

Маған қаратып атылған тастардан ескерткіш орнатуға болады.

Егер Роман Абрамович маған команданы жаттықтыруға көмектессе, Челси турнир кестесінің соңғы сатысында жүрер еді, ал мен Абрамович мырзаның кәсібіне көмектессем, ол сөзсіз банкротқа ұшырар еді.

Бес мәрте 1:0 есебімен ұтылғанша, бір мәрте 5:0 есебімен ұтылған тиімді («Реал» «Барселонадан» 0:5 есебімен ұтылған кезде айтқаны)

Барлығы Челсидің ұтылғанын армандайды, егер ұтыла қалған жағдайда бұл елде демалыс жариялай ма?! (2005-2006 жылдары Англия чемпионатында «Челсиге» теңдес команда қалмаған кезде айтқаны);

Иисус Христос та бәріне ұнай бермеген, ендеше мен туралы айтып керегі не?!

Мен өзімді әлемдегі  ең үздік жаттықтырушымын деп есептемеймін, бірақ менен артық ешкімді көріп тұрғаным жоқ!

Ақылды адамды тыңдағым келсе, сөйлей бастаймын.

Мен футбол философиясына өзгеріс әкелгім келеді, әлемде мен сияқты идеясы бар адам жоқ!

Лондон көшелерінің бірінде жасы жетпістен асқан қарияны кездестірдім. «Челси» Англия чемпионы болған кезде ол Болтонда жүріпті. Ал осыдан 50 жыл бұрын команда чемпион атанғанда әкесімен, атасымен бірге тамашалаған екен. Қазір әкесі де, атасы да өмірде жоқ. Осындай сәттер менің жүрегімді елжіретеді.

Егер мен туралы фильм түсіретін болса, менің рөлімді Джордж Клуни ойнаса екен, керемет актер және әйелім де Джордж ойнағанын қалайды.

Мен өзімнің артықшылықтарым мен кемшілктерімді біле тұра өзгермеймін. Өйткені, мен – Жозе Моуриньюмын. 

Бөлісу: