Жошы хан туралы халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды

Бүгiн, 16:47 170

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының павильондарында «The Golden Empire» жұмыс атауымен белгілі халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Дара» Президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба тарихи нақтылық пен драмалық баяндау үйлесім тапқан ауқымды мәдени оқиға болмақ.

Ағылшын тіліндегі деректі-көркем телехикаяның өндірісін Karga Seven Pictures жүзеге асыруда. Бұл компания 90-нан астам елде Netflix-тің ТОП-10 тізіміне енген «Осман империясының өрлеуі» және «Өсиет: Мұсаның тарихы» сияқты жобаларымен танымал. TAURUS Asia Production – жобаның жергілікті серіктесі.

Бұл жай ғана сериал емес, бұл өткенмен құрылған диалог. Әрқайсыңыз осы тарихты бүгінге жеткізушісіз. Әр қадам – ұжымдық еңбектің нәтижесі. Сценарийден бастап костюмдер мен декорацияға, жарық қоюдан операторлық жұмысқа дейінгі әрбір кезең – алға жылжудың маңызды бөлігі. Біз бірге жұмыс істейміз, бір-бірімізге қолдау көрсетеміз және бұл жобаның ерекше болатынына сенеміз, – деді режиссер Эмре Сахин.

 «The Golden Empire» сериалы Қазақстан киноиндустриясының дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық кинематографиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: