ЖОО «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды

14 Мамыр 2018, 02:28 1951

11 мамыр күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Жаңа гуманитарлық білім» жобасын жүзеге асыру. Университетте қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» ҚХА кафедрасының бірыңғай күніне арналған ғылыми-әдістемелік семинар отырысы өтті.

Шараға өңіріміздегі Жоғары оқу орындарның студенттері және Этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Ғылыми-сараптамалық тобыны, Жастар лигасының, «Жаңғыру жол» жастар штабының мүшелері қатысты.

Семинардың басты мақсаты, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ла­сында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бой­ынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау. Осыған орай таңдаулы 100 оқулық бағдарламасының маңызын студенттер мен жастарға түсіндіру және  талқылау.

Отырыс барысында сөз алған  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубекұлы:

– Білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние. Бүгінгі күні алғашқы 18 кітап аударылып болды. Жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік күннен күнге артуда, – деді.

Өз кезегінде филология ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі Асавбаева Гүлзада Байдрахманқызы пікір білдірді:

– Аталмыш жоба аясында философия, социология, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика саласындағы кітаптар аударылды. Сонымен қатар батыс елдері мен Ресей елінің көркем шығармалары аударылуда. Батыс елдеріеің көркем шығармаларының ішінде Сэлинджердің әйгілі кітабы «Над пропастью во ржи», ал Ресей елінің көркем шығармаларының ішінде Булгаковтың «Собачье сердце» шығармалары аударылуда.

 

Бөлісу: