Жолы болмаған жұлдыздар

14 Сәуір 2014, 13:04

Өмірде өз мақсатына тынбай күрескендерге ғана бақыт есік ашады...

Бастаған ісіңіз бірден қарқын алып кете қоймаса ренжи көрмеңіз, еңсеңіз түспесін! Табыс көктен түсе салмайды. 30 жасқа келген немесе сәл аса бастаған адамдардың біразы өз өміріне көз жіберіп көңілі толмайтынын байқайды. Осы ой олардың еңсесін езіп, әрі қарай ұмтылуға деген құштарлығын жояды. Бірақ, өмірде өз мақсатына тынбай күрескендерге ғана бақыт есік ашады. Сенбесеңіз, төмендегі кісілердің өмір тарихына шолу жасаңыз.

 

Рэй Крок, McDonald’sтың иесі

52 жасына дейін қағаз саптыаяқтар сатқан.

mcdonalds

«1954 жылы менің жасым 52 де болды. Қант диабетімен күресіп жүретін кезім. Ауру әбден меңдеген еді. Алайда, мен болашағыма сендім.» Сансыз ауруларына қоса Крок кедей еді. «Макдональдс» өмірге кеп оны тарату қажет болған кезде оған бірде-бір банк несие бермеді. Ақыры, ол кепілге үйін қойды... Бұдан кейін де ол 30 жыл ғұмыр кешті. 600 миллион доллар қаржы тапты.

 

Джоан Роулинг, «Гарри Поттердің» авторы

31 жасқа дейін жалғызбасты аналарға берілетін жәрдемақымен күнелткен.

 

Романның идеясы Джоанға 1990 жылы келеді. Бұдан кейінгі жеті жылдың ішінде тауқыметті тартудай тартады. Жұмыстан қуылады, ажырасады, кедейлікпен достасады... 1997 жылы романның алғашқы кітабы сатылғанша осылай күн кешеді. Қазір Роулинг Ұлыбританиядағы ең сатылымды автор. Соның арқасында ол 5 жыл ішінде тақыр кедейліктен мультимиллионер дәрежесіне көтерілді.

Амансио Ортега, Zaraның қожайыны

37 жасына дейін сатушының көмекшісі болған.

 zara

Өте кедей отбасынан шыққан Амансиода орта білім де жоқ. 13 жасынан бастап жұмысқа жегілді. Өзінің алғашқы тоқыма цехын ашқанда оның жасы 37 де еді.

Бастапқыда әйелі Росали екеуі  халаттар мен әйелдер іш киімін тікті. Бірде бір үлкен тапсырысты алудан тұтынушы бас тартады. Ерлі-зайыптыларға бизнесті сақтап қалу керек еді. Олар өздері сатуға шықты. 1975 жылы Zorbа деген алғашқы дүкенін ашқанда Амансионың жасы 40 та болды. Ал 2012 жылы Bloomberg Ортеганы Еуропаның ең бай адамы деп жариялады. Ол басқаратын холдингке Zara, Massimo Dutti, Bershka, Oysho, Pull & Bear, Zara Home, Stradivarius секілді сауда белгілері қарайды.

 Харрисон Форд, актер, продюсер

30 жасына дейін құрылысшы болған

 

1968 жылы Харрисон Форд алғашқы фильміне түсті. Алайда, ол түскен жерлердің барлығы қиылып тасталды. Бұған қапаланған Харис бәрін қолды бір сілтеп құрылысқа кетті. Джордж Лукасты кездестірмесе бір талантты актерді жоғалтар едік. «Американские граффити» фильміне түскенде Фордтың жасы 30 да еді.

 Мэри Кэй Эш, Mary Kayдің иесі

45 жасқа дейін сауда агенті

 

marykay

Мэри Кэй 25 жыл бойы сауда агенті болып жасады. Ақыры, ол бұндай тірліктен қажығанын түсініп, жұмыстан кетеді. Әйелдерге арнап кітап жазбақ болады. Осы кітапты жазу үстінде оның ойына ғажап идея келеді. Аяқ астынан әйелдер терісінің күтіміне арналған заттар сататын компания өмірге келеді. Күйеуімен бірге Mary Kay Cosmetics компаниясын олар 5 мың доллларға ғана құрған.

 

Генри Форд, Ford Motor Companyдің иесі

40 жасында компания құрған.

уикипедиа

Ирландияданк келген эмигрант отбасында дүниеге келген. Жасөспірім кезінде жұмыс жасау үшін Детройтқа қашып кетеді. 36 жасына дейін Эдисонның компаниясында инженер болды. Бірінші көлігін 30 жасында құрастырса да компанияны ол он жылдан кейін құрды.

 

Урсула Бернс, Xeroxтің бас дириекторы

32 жасқа дейін Xeroxта кішкентай қызметкер болды.

© xerox

Урсула Манхэттеннің ең нашар ауданы — Төменгі Ист-Сайдта туған. «Барух үйінде» — кедейлер үйінде балалығы өткен. Ол білім алды да, 1980 жылы Xeroxқа іс-тәжірибеден өтуге келді. 2009 жылы ол компанияның бас директоры болды. Бернс америкалық компанияны басқарған алғашқы қара қыз.

Андреа Бочелли, әнші

33 жасына дейін барларда фортепианода ойнаған.

loschermo

1992 жылы Андреаны тыңдаған итальялық рок-жұлдыз Дзуккеро оны қатты ұнатады. Бұдан кейін оның жазбалары Лучано Павароттидің қолына тиеді. Қазір Бочелли атақты әнші.

 Энг Ли, режиссер

36 жасқа дейін жұмыссыз

filmblast

АҚШ тың киноөндірісі саласында білім алған. Бір екі студенттік фильмдері жоғары бағаланған. Бұдан кейін оның ісі кері кете берді, ақыры жұмыссыз қалды. Тек 1990 жылы (36 жасында) оның сценарийі жүлдеге ие болады. Бүгінде Энг Ли тамаша режиссер, «Халк», «Пидің өмірі» секілді ғажап картиналардың авторы

Демек, тек қана алға!

adme.ru

Ел Тұтқа

Бөлісу: