Жолға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік қамауға алынды

25 Шілде 2023, 11:39 1129

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікпен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады, Еl.kz ақпарат агенттігі.

Экс-шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз:

«Мемлекетке 37 миллион теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: