Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан 20 шақырым жерде «Донское-Бадамша» автожолының 27 шақырымында минивен көлігі қар үйіндісіне тұрып қалған. Соның салдарынан көлік орнынан қозғала алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізуші 112 пультіне хабарласып, көмек сұраған. Көлік ішінде Тәжікстанның 7 азаматы болған.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, жоғары өтімді техниканың көмегімен ішінде бар көлікті сүйреп шығарды.
Шетелдіктерге медициналық көмек қажет болмаған. Өз кезегінде олар қазақстандық құтқарушыларға алғыстарын білдірді.