Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілді

12 Желтоқсан 2022, 18:45 1354

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті

11 желтоқсаннан бастап Астана уақыты бойынша сағат 00.00-де "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздары қозғалысының 2022-2023 жылдарға арналған жаңа нормативтік кестесін енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, кестеде бірқатар өзгерістер бар:

1) пойыздардың жүру маршруттары:

- № 45/46 Павлодар-Түркістан, Павлодар-Шымкент орнына;

- №613/614 Орал – Бейнеу, Орал-Құлсары орнына.

2) аралық станциялар:

- №83/84 Қарағанды-Самара Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына;

- 145/146 Қарағанды-Омбы Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына;

- №113/114 Алматы-2-Қазан Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына.

3) пойыздарды нөмірлеу:

- №5/6 орнына № 305/306 "Ташкент-Самара";

- №17/18 орнына №317/318 "Бішкек-Самара";

- №137/138 орнына № 337/338 "Алматы–2 – Достық";

- №149/150 орнына № 449/450 "Ташкент–Астрахань";

- №323/324 орнына №123/124 "Ташкент-Волгоград";

- №315/316 орнына №143/144 "Ташкент-Қазан";

- №333/334 орнына № 115/116 "Ташкент-Саратов";

- №349/350 орнына № 149/150 "Ташкент–Астрахань";

- №305/306 орнына №405/406 "Бішкек–Шу–Қазан".

Пойыздардың жүру кестесі жыл бойына созылады.

EL.KZ
Бөлісу: