Жолаушы толы автобус көпірден өзенге құлап кетті: төрт адам мерт болды

10 Мамыр, 17:06 3644

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылар мінген автобус көпірден Мойка өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоқ дегенде төрт адам мерт болған, тағы төртеуінде клиникалық өлім тіркелген.

Бүгін күндізгі сағат бір шамасында полицияға Большая Морская көшесіндегі 69-үйдің маңында жолаушылар автобусы көпірден Мойка өзеніне құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Төтенше жағдай кезінде көліктің ішінде шамамен 20 адам болған, - делінген Ресей ІІМ Бас басқармасы таратқан ақпаратта.

Желіде тараған видео кадрларында автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай бірнеше көлікке соқтығысып барып, өзенге құлайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: