Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А.Жұмағали жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысының мәліметінше, ең алдымен, жұмыстарды жоспарлаудан бастап оларды қабылдауға дейінгі барлық құрылыс процестері зерделенетін болады, НҚА мен ҚНжЕ жемқорлық нормаларына, қақтығыстар мен олқылықтарға тексеру жүргізілді.
Агенттіктің қылмыстық-құқықтық тәжірибесі көрсеткендей, ЖСҚ құнын асыра бағалау орын алудын және сапасыз материалдар, жабдықтар мен технологиялар пайдаланылатынын көрсетеді.
Жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылған. Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады.
Жұмыстың екінші бағыты – жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу.
Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды.
Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар.
Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді, - деді ол.
Барлық өңірде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылды.
Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталуда.
Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді.
Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілуде, - деп қосты Жұмағали.
Талдау қорытындылары туралы президент пен жұртшылық хабардар етіледі.