Жол апатынан қаза тапқан танымал әншінің қызы тұрмысқа шықты

20 Қараша, 12:47 19869

Дәстүрлі әнші, «Серпер» тобының мүшесі, продюсер болған марқұм Биғазы Тұтқабековтің қызы Қарлығаш Биғазықызы ұзатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарлығаштың өзі де әнші. Ол Күләш Байсейітова атындағы мектепте пианино бойынша білім алған. Дирижер болған, сонан соң Жүргенов атындағы өнер академиясында эстрада-вокал бағыты бойынша үшінші оқыды. Естеріңізде болса, ол «Қазақстан» ұлттық арнасындағы Qazaqstan дауысы жобасына қатысып, сәтті өнер көрсеткен.

Ол бұл жобағы әкесінің есімін өшірмеу үшін келгенін де алға тартқан болатын.

Бұрын көп адам танитын. Уақыт өте келе ұмыт бола бастағанын байқамын. «Биғазы?» деп ойланып қалады. Айтып түсіндірген соң барып есіне түсіреді. Қайта жаңғыртсам деймін. Сондықтан да Қарлығаш Биғазықызы деп әкемнің атымен шығып жүремін. Әкемнің атын өшірмеу мақсатында келіп тұрған жайым бер, - деді бойжеткен.

Қарлығаштың жары да музыкант. Есенәлі есімді жігіт гитарада ойнайды.

Айта кетейік, Биғазы Тұтқабеков қазақтың ән өнеріне қоңыр даусымен, қазақы үнімен қосылып, дәстүрлі әннің майын тамызып орындаған шебер әнші еді.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 2006 жылы небәрі отыздан асқан шағында жол апатынан көз жұмды. Өзі «Серпер» тобын құрып, бұдан бөлек «Аршын» тобы мен жас әнші Баян Нұрмышеваның продюсері болған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: