Жоғарғы соттың жаңа төрағасы сайланды

8 Желтоқсан 2022, 10:38 3747

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлім етті

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асламбек Мерғалиев 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған.

1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстамбұл мемлекеттік университетін бітірген.

Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді.

2001-2003 ж.ж. - Павлодар облыстық сотының бас маманы;

2003-2007 ж.ж. - Павлодар қалалық сотының судьясы;

2007-2008 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;

2008-2012 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы;

2012 -2014 ж.ж. - Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы;

2014 жылдың 17 маусымынан 2015 жылдың 18 желтоқсанына дейін - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

2015 жылдан 2020 жылға дейін Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып эұмыс істеген.

EL.KZ
Бөлісу: