Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

27 Маусым, 10:41 1372

Бүгін Сенат Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді.

Нұрлан Қыдыржанұлы құрметті отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Осы орайда Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату ұсынымын қолдауды сұраймын, - деп атап өтті Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары аталған ұсынысты бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Нұрлан Сұлтанов 2015 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы болып сайланған болатын.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: