Жоғарғы сот депутат Тұрлыхановтың ұлының ісін қайта қарайды

14 Мамыр, 12:44 1787

Бүгін, 14 мамыр күні, Жоғарғы сотта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты әскери соттың шығарған үкімі қаралуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, ол 11 ақпан күні заңгер мен оның күйеуін соққыға жыққан болатын.

Сот үкімімен Нұрасыл Болат ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, зардап шеккен екі адамға 500 айлық есептік көрсеткішті төлеуге міндеттелді.

Ол кезде зардап шеккен заңгер Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Чернов депутаттың ұлына тым жеңіл жаза қолданылғанын айтқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: