Жоғалып кеткен Алматы тұрғынының мәйіті табылды

Бүгiн, 13:45 170

2024 жылдың күзіне қарай жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны екі айдан соң өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілер тобы Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1994 жылы дүниеге келген Айша Мұратбекқызы Хамит 26 қараша күні жоғалып кеткен. Сол күні ол Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қырбалтабай ауылындағы Наурыз көшесі, 6-үйден шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Еріктілердің мәліметінше, әйелдің денесі 30 қаңтарда табылған. Өлімінің себептері туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: