Жоғары білім саласындағы Германия мемлекеттік саясаты

15 Мамыр 2015, 11:21

Германиядағы жоғары білімнің қазіргі дамуы 1991 жылы мемлекеттің бірігуінен басталып екі мақсат көздеді, біріншісі – жоғары білім жүйесін модернизациялау болса, екіншісі – екі мемлекеттің жоғары білім саласындағы стандарттарын ортақтастыру.

Германиядағы жоғары білімнің қазіргі дамуы 1991 жылы мемлекеттің бірігуінен басталып екі мақсат көздеді, біріншісі – жоғары білім жүйесін модернизациялау болса, екіншісі – екі мемлекеттің жоғары білім саласындағы стандарттарын ортақтастыру. Соңғы онжылдықтарда Германия осы екі міндеттің шешімін табуды өте сәтті орындап келді және неміс жоғары білім жүйесін әлем мойындап, көптеген елдердің білім жүйесін жасақтауында үлгі болып отыр. Германияда орталық, федерация субъектілері тарапынан жасалатын биліктің шектелуі мен жоғару оқу орны мекемесінің билік ету құзыреті теңдей бөліскен. Жоғары білім саласы ескі университетттік дәстүрлер мен жоғары білімді басқарудың инновацияық әдістерінің үйлесімдігімен, фундаменталды теориялық білім және ғылыми-зерттеулік жұмыстармен, білімнің сапасы мен қолжетіміділігімен сипатталады.

Жоғары білім институттары. Германияның жоғары білім жүйесін 409 жоғары оқу орны құрайды: 104 университет және 203 қолданбалы ғылым жоғары оқу орны, олардың көпшілігі (82 %)  мемлекеттік жоғары оқу орны (мемлекеттік емес ЖОО-лар мемлекеттік лицензия алуға міндетті). Германия ЖОО-ларында 2 млн. жуық студент оқиды: 48 % әйелдер, 250 000 шетелдік студенттер.

Германияда ЖОО-ның бірнеше түрлері бар.

1. Университет. Университетте білім алу екі кезеңге бөлінеді. Негізгі курс 3-4 семестрге созылып, бітіргеннен кейін лиценциат атағы берілді. Ары қарай студент негізгі курстарды (4-6 семестр) оқуға көшеді. 6-семестрді бітіргеннен кейін магистр атағы (Magister Artium) немес техникалық мамандықтар үшін маман дипломы берілді. Дипломды алу үшін студент диссертациялық жұмыс қорғауы керек. Диплом алғаннан кейін студент оқуын ары қарай жалғастырып, диссертациясын қорғап доктор (Doctorate) атағы ала алады.

2. Жоғары мектептер. Бұл оқу орындарын да студенттер 3-4 жыл ішінде ауыл шаруашылық, менеджмент және экономика, компьютерлік технология салалары бойынша білім ала алады. 4 жыл білімнен соң бітіруші инженерлік ғылымдар дипломын немес академиялық Diplomgrad атағын алады.

3. Кәсіби академиялар. Германияда осы секілід университеттік емес типтегі оқу орындары да бар. Мұндай типтегі ЖОО-лар 120 профиль бойынша мамандарды дайындайды: инженер, экономист, дизайнер және т.б.

 Осы уақытқа дейін барлық ЖОО-ларда алғашқы жоғары білім алу немістер үшін де, шетелдіктер үшінде тегін болды. 2007 жылдан бастап кейбір ЖОО-лардың студенттері семестріне 500 евродан төлейтін болды, оған қосымша төлемдер де қосылды, ол 150 евро, оның құрамына жол жүру билеті, кітапхана қызметін пайдалану кіреді. Батыс федералды жерлеріндегі ХДС бақылауындағы оқу орындарында студент өзіне берілген оқу мерзімінен артық уақыт оқитын болса, әрбір семестрге ақша төлейді. Бұл реформалар сәйкес заңдармен реттеледі.

Германиядағы ең танымал және ең мәртебелі жоғары оқу орны 1386 жылы париждік Сорбонна негізінде салынған Гейдельберг университеті. Гейдельберг заңгер мектептері ішінде Еуропадағы ең мықты оқу орны болып саналады. Университеттік ұстаздар құрамында философтар Гегель мен Ясперс, химик Гельмгольц және Нобель сыйлығының 8 лауреаты бар. Гейдельберг университеті негізіде 15 факультет жұмыс жасайды – биология, химия және биохимия, философия, құқық, медицина, саяси ғылымдар, спорт және т.б. Университет негізінде бірқатар арнайы зерттеу орталықтары бар – Оңтүстік Азия институты, Макс Планк атындағы ядролық физика институты.

Сонымен қатар, әлемдік беделді жоғары оқу орындары қатарына кіретін бірнеше университеттер бар: Людвиг Максимиллиан университеті, Берлин университеті, Фрайбург университеті, Тюбинген және Марбург университеттері, Дрезден техникалық университеті, Мюнхен техникалық университеті, Брауншвайге қаласындағы Кароло-Вильгельмин университеті және т.б.  Неміс жоғары оқу орындарында оқу процесі өзге елдерге қарағанда ұзағырақ. Регламент бойынша оқу мерзімі 4-5 жыл болғанына қарамастан, іс-жүзінде оқу 6 жылға дейін созылады. Талапкерлердің орта жасы – 21,5 жыл, бітірушілер -27,5 жыл, бұл көрсеткіш өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары (Ұлыбританияда алғашқы бітіру емтиханы 23 жаста, АҚШ-та 24 жаста, Францияда 26 жаста тапсырылады. Бұның себебі, 13 жылдық орта мектеп және әскердегі міндетті қызмет.


Дәурен Омаров

Бөлісу: