Жиһаз жасаймын деп 51 тұрғынды сан соқтырған алматылық сотталды

11 Маусым, 00:13 731

Алматылықтарды жиһаз жасаймын деп сан соқтырған алаяқ төрт жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

24 жастағы алматылық OLX сайтында өзінің телефон нөмірін көрсете отырып, жиһаз жасау және сату туралы хабарландыру жариялаған. Ол тапсырыс берушілерге орындықтар мен үстел жасау және жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі туралы жалған ақпарат берген. Жиһаз құнының 50% мөлшерінде алдын ала төлем алып, ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Оның жиһаз жасау бойынша міндеттемелерін орындау ниеті болған емес. Ақша оның банктік картасына аударылып, содан кейін клиенттердің нөмірлері бұғатталып отырған.

Осылайша алматылық 8 ай ішінде 51 тұрғынды алдап, оларға жалпы сомасы 15 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған төрт жыл сегіз ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын өтеу үшін сотталған адам Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесіне келді. Карантиндік бөлімге келгеннен кейін сотталған адам кір сабын шығаратын цехқа жұмысқа орналасты. Алынған жалақыдан сотталған адам оған сот тағайындаған талаптарды төлейді. Сотталған балалар үйінің тәрбиеленушісі, қазіргі уақытта оның отбасы жоқ, – дейді арнайы есеп бөлімінің бастығы Әйгерім Атабаева. 

Зарина Арман
Бөлісу: