Жигули Дайрабаев қызметінен кетуінің себебін түсіндірді

Кеше, 15:43 469

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен мұны «партияда жасару процесі жүріп жатқанымен» байланыстырды.

Егізбаев (Серік Егізбаев – «Ауыл» ХДПП төрағасы) менің бұл жайтқа қатысты түсініктеме бермеуім керектігін айтты. Мені ешкім жұмыстан шығарған жоқ, біздің партияда жасару процесі жүріп жатыр. Сондықтан мұны талқылай берудің қажеті жоқ, - деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, Жигули Дайрабаев бұған дейін Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше елді мекен мен көше атауларын өзгерту туралы бастама көтерген. Ал 28 ақпанда оның «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткені белгілі болды.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: