Жигули Дайрабаев мандатын тапсыра ма? "Ауыл" партиясы жауап берді

7 Сәуір 2023, 13:29 1087

Мәжілістегі "Ауыл" партиясы фракциясы депутаты Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Мәжілісте тілшілер "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Анас Баққожаевтан партия мүшесі Жигули Дайрабаевтың істі болған ұлдарына қатысты сұрақ қойды.

"Аталған оқиғадан кейін депутат Жигули Дайрабаев мандатын тапсыра ма?" деп сұрады журналистер.

Өз кезегінде Анас Баққожаев фракция мүшесі Ж. Дайрабаев депутаттық мандатын тапсырмайтынын айтты.

"Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Осы орайда фракцияның мәлімдемесін айтып отырмын. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз. Біріншіден, оның жеке басына қатысты аталған істе ештеңе айтылмаған. Екіншіден, оның балалары ересек азаматтар. Олар өз ісіне өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек", - деді "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі.

Еске салайық, кеше Тараз қаласының №2 соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған екі күдікті Мәжіліс депутатыЖигули Дайрабаевтың ұлдары екені белгілі болды.

EL.KZ
Бөлісу: