Жігітті ұрып-соғып, видеоға түсірген оқушы қыздар кешірім сұрады

31 Мамыр, 17:52 3009

Алматыда жігітті ұрып-соққан қыздар жәбірленушіден кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл видео NeMolchi қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

Марат, сенен және сенің отбасыңнан шынайы кешірім сұраймыз. Біздің адам түршігерлік қылығымызды кешіріңіздерші. Енді бұндай қайталанбайды, – делінген түлектердің видеоүндеуінде.

Еске салайық, 26 мамырда әлеуметтік желіде жігітті ұрып-соғып жатқан видео жарияланған болатын. Кадрларда мектеп бітірген екі қыз жігітті қатты ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп жатқаны көрінеді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Фонд #НеМолчиKZ | #МыНеМолчим (@nemolchikz_official)

Алматы полиция департаменті видеодағы кәмелетке толмағандарды анықтап, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Тергеу шаралары басталды. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: