"Жігіт табылмай жүр". Спортшы қыздар жігіттердің біртүрлі қарайтынын айтты

13 Сәуір 2023, 15:45 1542

Бокс шебері Алуа Балқыбекова, көкпаршы Аружан Амангелдіқызы мен дзюдошы Әйкерім Әбілқадірова «Қыздар-ай» жобасында өздерінің жігіттермен танысуы туралы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісі Жанар Айжанова «қызға тән емес» спорт түрімен айналысатын арулардан «Жігіттермен әңгімелерің әдемі жарасып жүргенде спорт шебері, чемпион екендеріңді білгенде қашып кетпей ме», - деп сұрады.

Сонда дзюдошы Әйкерім Әбілқадірова «Иә, шынымен де қашады. Сол себепті өзіме жігіт таба алмай жүрмін», - деді.

Ал боксшы Алуа Балқыбекова спортпен айналысатынын айтқанда аң-таң болған жігіт туралы айтып берді.

«Көбінесе таксиге отырғанда жұмыс, мансап туралы сұрағанда спортпен айналысатынымды айтамын. «Қандай спорт түрі» деп сұрағанда «өзіңіз қалай ойлайсыз?» деп сұрақ қоямын ғой. Сол кезде түріме қарап, «волейбол ма, жеңіл атлетика ма?» дейді. «Жоқ, дұрыс емес» десем, «таэквондо ма, енді өзің айтсайшы» дегенде, бокс десем, аң-таң болып, «боксшысың ба» деп қалады, - деді Алуа.

Ал көкпаршы қыз Аружанға көкпаршы жігіттердің ғана батылы жетеді екен.

«Жігіттер болғанда, көкпаршы қызға көкпаршы жігіттер жаза ма сондай. Қалған жігіттер сөз басталғаннан кейін «Немен айланысасың, хобби» деген сұрақтар кеткенде «атқа мінемін, көкпар, қыз қуу» десем көзқарастары басқаша болады. «Атпен айналысасың ба» деп реакциялары бетіне шығып тұрады», - дейді Аружан.

Жүргізуші Жанар Айжанова неліктен көп жігіттің қашатынын түсіндірді.

«Олар да қорықса, қорыққан да шығар. Өйткені, көкпар тартатын қыздардың тақымы мықты болады, қысқанын жаншып, өлтірмей жібермейді. Екіншіден, олардың қолдары да қатты болады», - деді Жанар Айжанова.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: