10-16 сәуір аралығында бокстан Бакуде (Әзербайжан) өтетін «Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бапкерлер штабы тізімге мына спортшыларды қосты:
- 48 келі: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова
- 50 келі: Элянур Тұрғанова
- 52 келі: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова
- 54 келі: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар
- 57 келі: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова
- 70 келі: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина
81 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын