Жібек жолы ауылында гараждан 14 жастағы қыздың денесі табылды

2 Қазан, 20:19 996

Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында 2010 жылы туған қыз өз өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық полиция департаменті қайғылы оқиға 1 қазанда болғанын мәлім етті.

Аршалы аудандық полиция бөліміне Астана тұрғынынан 2010 жылы туған қыздың Жібек жолы ауылындағы үйдің гаражында өз-өзіне қол жұмсағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ақпаратта.

Зарина Арман
Бөлісу: