Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем кубогында алтын алды

25 Тамыз, 23:08 405

17 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Джиу-джитсу мен грэпплингтен сегіз дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академия спортшысы, күрең белбеу иегері Ж.Құлымбетова 21 жасқа дейінгілер арасында 48 кг салмақта үздік шықты. 

Жібек екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Қуанышты жаңалығын Instagram әлеуметтік желісінде бөліскен спортшы Алматы облысы жекпе-жек мектебі, Самат Рамазанов атындағы академиясы мен бапкері Самат Айтпанбетке алғысын білдірді. 

Жарыс джиу-джитсудың ne-waza түрі бойынша өтіп, онда әлемнің 20-дан астам спортшылары бақ сынады.

Жібектен басқа, оған аталмыш академияның бірнеше тәрбиеленушісі қатысып, жалпы саны 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: