Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалында жеңіліс тапты

Кеше, 15:45 179

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан турнирде жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалдағы матчта Жібек индонезиялық Приска Нугрохомен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 6:4 есебімен Приска жеңіске жетті.

Айта кету керек, жұптық сында Жібек Құламбаева жартылай финалға шықты. Ол Шривалли Бхамидипатимен (Үндістан) бірге, Зила Десаи мен Рия Бхатияға (Үндістан) қарсы кездеседі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: