Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасындағы ITF W35 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құламбаева алғашқы айнаалымда жарыстың үшінші ракеткасы, бразилиялық Каролина Борер Мартинештен 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.
Келесі айналымда Жібек испаниялық Виктория Гомеске қарсы ойнайды.
Бұған дейін Құламбаева жұптық сынды да жеңіске жеткен болатын.