Жібек Құламбаева Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды

22 Қазан 2023, 21:13 627

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка финалда франциялық Ясмин Мансури - бельгиялық Лора Солденмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақ-поляк қарсыластарын 6:0, 6:3 есебімен оңай жеңді.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында тағы бір ITF додасында үздік шықты.

Берік Арманов
Бөлісу: