ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет органдарын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекеттік басқару жүйесін бюрократиядан арылту бойынша Президент алға қойған міндеттерді іске асыруға ерекше назар аударылуда.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық салада цифрландырудың біртұтас жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Бұл жұмыс жаппай жүргізілуде. Әділет органдарын дамыту мен цифрландыру – мемлекеттің, азаматтардың және бизнестің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған аса маңызды үдеріс. Осы орайда, жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты. Бұл – бюрократиядан арылтудың негізгі әдістерінің бірі. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялардың әлеуетін түгел пайдалану қажет,— деп атап өтті Олжас Бектенов.